Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.10.2021
149

Махаббатпен дүние есігі ашылған
Махаббатпен дүние есігі ашылған,
Ақша бұлт тұр асау шыңға асылған,
Таң шапағын шабыттана қарсы алдым,
Жүрегіммен жұмыртқадай аршылған.
Қимастығым құштарлықпен қайралған,
Өжеттігім нәзіктікке айналған,
«Ризамын», – деп, еміренемін Тәңірге,
Күндеріме тіршілікке байланған.
Күміс айдың сәулесімен ымдасқан,
Жер бетінің бар мұңымен мұңдасқан,
Жартастың да тас жүрегін жібітер,
Өмір жайлы жазсам деймін Нұр-Дастан!
Жадыра Дәрібаева Жадыра Дәрібаева өлеңдері Жадыра Дәрібаева шығармашылығы махаббат дүние Есік Дастан
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇