Өлеңдер ✍️

  14.10.2021
  150


Автор: Исраил Сапарбай

Сен өзiң түрлi-түрлi-түрлi екенсiң

Сен өзiң түрлi-түрлi-түрлi екенсiң,
Мiнездi түрлi-түрлi кiм көтерсiн.
Ақынды ақылынан адастырып,
бiр күнi бұл күйiңмен жынды етерсiң.
Сен өзiң түрлi-түрлi-түрлi екенсiң.
Ұқсайсың бiрде көлге, бiрде шөлге,
Шөл мен Көл үйлесер ме, үндесер ме?
...Ауажайын алмауыттың аңғарушы ем
жалынан жайдақ тартып мiнбесем де...
Құлпымды дейтiндей-ақ ашпа, бұзба,
Жүрегiң жүрек емес, тас па, мұз ба?
Сабыры менен саяз сабаз болса,
Ғашық боп кетер ме едi басқа қызға?..
...Сен өзiң қили-қилы-қилы екенсiң,
Мiнездi қилы-қилы кiм көтерсiн.
Кемерiн толқын тепкен кеме едiм мен,
Бiр күнi жарға соғып күйретерсiң.
Сен өзiң қилы-қилы-қилы екенсiң...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу