Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.10.2021
2501
Жас жұбайларға тілек
Екеуiңе айтайыншы бiр ақыл:
Мəңгi болсын махаббатың – мұратың.
Екеуiңе айтайыншы бiр тiлек:
Ашулансаң, ақ жауындай бүркiп өт.
Екеуiңе айтайын бiр өтiнiш:
Бiр-бiрiңе бiлдiрмеңдер өкiнiш.
Екеуiңе айтатын бiр базынам:
Жиылмасын дастарқаның – қазынаң.
Екеуiңе айтайыншы бiр əзiл:
Бiрiң – патша, бiреуiң бол – уəзiр.
Екеуiңе бiлдiретiн бiр назым:
Ұл көрiңдер, қыз көрiңдер жылма-жыл!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter