Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.10.2021
180
Бұрылу
Басыңа келген ойларды үркітіп, басыңа –
қарсы тымағың...
Жап-жасыл ғаламың төбеңнен төнеді,
жаныңда жарты жұмағың!
Барлық сұмдыққа шыдаған шыдамың,
Құлағың естиді тереңде жылаған тұма үнін.
Бір гүлдер бүр жарып, бір күнде шеңбер
түгеді,
Жамандық жасайтын уақыттар кем,
білсем...
Басқа бір жүректің дірілін сағынып жүдедің,
Бір ғана сөзбенен өлдің сен...
Жусан ұшында жуас ырғақтар саулап,
сүріндің...
Көңілшек бұлттар шайқады.
Арғы бетіңнен өлең жауады... ақ солғын
ашаң түріңнің;
Көзіңнің жасы айтады!?
Уа, алғыс әйтеуір, қаңқылын өрдің
бір қаздың,
Уақытша болсын, жердің шетінен
бұрылдың!
Тас қабірлерге табынып жүр едің,
жыр жаздың,
Бір ауыз сөзбен тірілдің!?
Сұраған Рахметұлы Сұраған Рахметұлы өлеңдері Сұраған Рахметұлы шығармашылығы жасыл ғалам жұмақ бұрылу
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter