Өлеңдер ✍️

  10.10.2021
  227


Автор: Кәкімжан Қазыбаев

Әдемілік деген не?

Жұтынып тұрған сұлулық па?
Жоқ.
Бір-біріңнің сырыңды ұқ,
Суымайтын жылылық.
Мөлдіреген мойылдай көзің бе?
Жоқ.
Бір-біріңді қимай, жарасып жүрген кезің.
Сұқтандырған сырт сымбатың ба?
Жоқ.
Жүрегіңмен жазып жүрген нұр хатың.
Киім бе, әлде сәнді тігілген?
Жоқ.
Жарастығың — құдайдай әмсе жүгінген.
Сұлу сөз бе, ағылған?
Жоқ.
Ақ көңілің — ағынан ақтарыла жарылған.
Байлық па, әлде асып-тасып төгілген,
Жоқ, адамшылық әрқашан да асқақ көрінген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу