Өлеңдер ✍️

  10.10.2021
  117


Автор: Кәкімжан Қазыбаев

Кемпір бөліс

Бірінші бөлім

Марқасқа өңшең маңғаз бір топ жігіт,
Отырды бір күн бойы мәжіліс құрып.
Сондағы ақылдасқан шаруалары,
Курортта кімге ие боп, салмақ құрық.
— О тоқта, бауырларым, — деді бірі,
Жігіттің көрген мұнда құрсын күні.
Келмепті көз тоқтатар бір келіншек,
Артық сөз, астамшылық деме мұны.
Мырс етіп күлді сонда тағы бірі,
Сөзіне жаңағының келіп жыны.
— Келіншекті қайтесің кемпірлер бар,
Жасты іздеп шіренуін қара мұның.
Мұрныңды көтергенмен қыз келмейді,
Жігітке мосқал тартқан қыз көнбейді,
Бір кемпір осындағы қырындап жүр,
Жаңа жылды өткізсем сізбен дейді.
Отырмай көп ойланып үлесіңдер,
Сопайып текке неге жүресіңдер,
Келіншек емге жақпас емінсең де,
Ол жағы енді айқын, білесіңдер.
— Жаз, деді Сәрсен тұрып,
— Ең жуанын,
Тәуекел бәріне де көз жұмамын.
Барымен базар деген рас сөз ғой,
Бұл жұрттың көріп алдым сөз қылғанын.
Смакең ұзын тұмсық бұжырды алды,
Кенжекең өзі секілді ұзынды алды.
Кәкеңе қамыт аяқ сары қалды,
Жакең де бір керпешті қағып алды.
Мен емес пе бұл жердің қожасы деп,
Райком Бөген біраз қызуланды.
Сұлу қыз деп жүргенде кемпір жетпей,
Өкпе айтты біраз жігіт қызу қанды.
Көз қарайған курортта жаман екен,
Жігіттер өстіп біраз бұзылған-ды.

31.12.72 ж.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу