Өлеңдер ✍️
Баймырза Дәуренбековке
Елуге келдің арымай,
Жігіттік қалпың баяғы,
Отырсың қалай жарылмай,
Достарың құшақ жаяды.
Сен деп мен бір толғайын,
Толғап қана қоймайын,
Қағазға тізіп ойымды,
Бір өзіңе жолдайын.
Сен, сен едің, сен едің,
Оқып кеше жүргенде,
Сен бір жүрген ер едің.
Жарым құрсақ болсаң да,
«Қарным ашты» демедің.
Көңілің түссе көл едің,
Жүдегенді жебедің.
Сөйтіп жүріп Байеке,
Ерлігің сенің көп еді.
Жүруші ек сені үлгі ғып,
Қысылшаң сондай бір шақта.
Бөлме болып ұрлық қып,
Талқанға ауыз салғанда,
Жібергенсің «бүлдіріп».
Келіп қалған иесін,
Жапырлаған бізге айтпай,
Қақалтқансың күлдіріп.
Бұл бір қызық шақ еді.
Содан төрт жыл өткен соң,
Соңғы курсқа жеткен соң,
Қыз іздедің, қызықтың,
ЖенПИ жаққа сызылттың.
Қалыкешті қаладың,
Жартыкешті «жаладың»,
Орынша да ойланды,
Райхан деген бір пысық,
Байеке сені ойға алды.
Анарға ауыз салғанша,
Мұншама қызды қинадың,
Бәрін соның қимадың.
Сондай бір дәурен өтіп еді.
Елуге келген, Байеке-ау,
Қалайша тез ұмыттың?!
Бұл да қызық шақ еді.
Ойыңның бәрін ойран ғып,
Анарға мүлде құладың.
Почташы өтсе қасыңнан,
«Хат бар ма?» деп сұрадың.
Хабарсыз болсаң бір апта,
Білдірмей бізге «жыладың».
Қанатың болмай ұшатын,
Анарың келмей құшатын.
Көзің біраз көгерді.
Шыдадың-ау, шыдадың,
Анарға сен де ұнадың.
Тілекті беріп тағалам,
Алматыға алдырдың,
Ақыры сол ЖенПИ-ге
Мұғалім ғып қалдырдың.
Ерлік демей не дейін,
Жігіттің мұндай қадамын.
Айтып-айтпай немене,
Анаржанды жар қылып,
Байекем, сен жарадың!
«Айың туды оңыңнан,
Жұлдызың туды солыңнан».
Тасың өрге домалап,
Перзенттер ерді соңыңнан.
Сол бір шақта, Байеке,
Жиырма алты жаста едің,
Қазіргіден басқа едің,
Анаржанның буына,
Шынын айтсақ, мас та едің.
Ол да бір қызық шақ еді.
Енді, міне, елудің,
Төріндесің шіренген,
Байлық деген жетеді,
Үйің мынау тірелген.
Жасырайық несіне,
Кешегі сол бір жігітке,
Байсалдылық тұр енген.
Осы бір кезең өтсе де,
Біздер үшін зырылдап,
Шал болғымыз келмейді,
Безек қағып шырылдап.
Кейбіреуміз қаламыз,
Қыз-келіншек көрінсе,
Қылмың қағып, қырындап.
Бұл да бір қызық шақ екен.
Оу, Байеке, Байеке!
Тойыңа келдің толымды,
Жұмысың да жемісті,
Өмірің де келісті.
Сондықтан да мінеки,
Шын жүректен құттықтап,
Достарың қолын берісті.
Шалқи берсін көңілің,
Мәнді болсын өмірің.
Анарыңды аяла,
Барыңды одан аяма.
Ағалық менің ақ батам,
Ақ ниетті ата бол,
Немерең жүрсін шұбырып,
Ешқашан да сыр берме,
Шалдыққа қалма ұрынып,
Бұл да бір қажет шақ өзі.
Ал, жолдастар, кәнеки,
Толтырып бір құйындар,
Алпыстан әрі асқан соң,
Бүйтіп ішу қиындар.
Елуге келген жігіттің,
Жана берсін бақыты.
Елуге келген жігіттің,
Ұзара берсін уақыты.
Анаржанды жар қылып,
Байекем, сен жарадың!
«Айың туды оңыңнан,
Жұлдызың туды солыңнан».
Тасың өрге домалап,
Перзенттер ерді соңыңнан.
Сол бір шақта, Байеке,
Жиырма алты жаста едің,
Қазіргіден басқа едің,
Анаржанның буына,
Шынын айтсақ мас та едің.
Ол да бір қызық шақ еді.
Енді, міне, елудің,
Төріңдесің шіренген,
Байлық деген жетеді,
Үйің мынау тірелген.
Жасырайық несіне,
Кешегі сол бір жігітке,
Байсалдылық тұр енген.
Осы бір кезең өтсе де,
Біздер үшін зырылдап,
Шал болғымыз келмейді,
Безек қағып шырылдап.
Кейбіреуміз қаламыз,
Қыз-келіншек көрінсе,
Қылмың қағып, қырындап.
Бұл да бір қызық шақ екен.
Оу, Байеке, Байеке!
Тойыңа келдің толымды,
Жұмысың да жемісті,
Өмірің де келісті.
Сондықтан да мінеки,
Шын жүректен құттықтап,
Достарың қолын берісті.
Шалқи берсін көңілің,
Мәнді болсын өмірің.
Анарыңды аяла,
Барыңды одан аяма.
Ағалық менің ақ батам,
Ақ ниетті ата бол,
Немерең жүрсін шұбырып,
Ешқашан да сыр берме,
Шалдыққа қалма ұрынып,
Бұл да бір қажет шақ өзі.
Ал, жолдастар, кәнеки,
Толтырып бір құйыңдар,
Алпыстан әрі асқан соң,
Бүйтіп ішу қиындар.
Елуге келген жігіттің,
Жана берсін бақыты.
Елуге келген жігіттің,
Ұзара берсін уақыты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter