08.10.2021
  1454


Автор: Әліпов Айтбек Рымбекұлы

Мереке құтты болсын

Баршаңызды бүгінгі АЙТ мерекесімен тұспа тұс келген ОТБАСЫ күнімен құттықтаймын. Қазақтын әр отбасының шаңырағы биік, керегесі кең болсын. Ұлдарыңыз ұлағатты, қыздарыңыз инабатты болып, мақтан етер ұрпағымыз көбейсін.  Адам баласының асыл қасиеттері бойларынан табылсын. Сол ұрпаққа мақтаныш болар ұлағатты мына сіздер, қазыналы қарттарымыз аман болыңыздар. Әйел үйдің ұйытқысы отбасының берекесі дегендей сүйген жарымыз, көз қуанышымыз,  өмір серігіміз әйелдер аман болсын. Олар әрқашанда нәзіктігімен, бойларына біткен асыл қасиеттерімен біздін сүйіспеншілігімізді артырып, ынтымақ бірлігімізді дос-жораның, туған-туыстын арасында қыл көпірдей жалғастыра білген, отбасының құндылыңын бой тұмардай сақтай білген асыл жандар. Бүгінгі мереке құтты болсын.


Аллахым осы бір қасиетті айда тілеген тілектерінізді қабыл қылып, бергенінің берекесін ұрпағына жеткізіп берсін. Бар отбасы бақытты болсын, жарқын болашаққа деген көз қарасымыз айқын болсын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу