Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.09.2021
139
Жақсысың десем, шыным
Жақсысың десем, шыным.
Жақтасым етейін деп тұрғаным жоқ.
Әрі алшы, әрі тәйке түсіп,
Лайлыққа көңілімді бұрғаным жоқ.
Ондай әдетім жоқ мүлде,
Тура айтам айтарымды.
Сайқалсып кеп, сыр тартпақшылар
Ит қосқандай боп сан қайтарылды.
Сиқырсып үйіме келетіндер де бар
Өткелден өткенінше,
Сұрқия сиқыр күлкімен
Келді де кетті өзінше.
жақсы Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter