Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.09.2021
113
Иығыңа зер шапан
Ақындар қауымымыз кейде тату,
Дүрдараз қалжыңға да кейде бату.
Өзін, де апта соқпай басылмайтын
Арқаның ақ бораны ақын Ғафу.
Болсаң да өзің шағын үлкен жүрек,
Торғайдың даласынан ұшқан түлеп.
Қаршыға шақар мінез,шапшаң ілгіш,
Демейтін мынау түтек, мынау түнек.
Орғытып, жалында ойнап «Ақбоз аттың»,
Торғайдың даласында арындаттың.
Құйғытып жүріп талай «Белден асып»,
Ғажайып «жер астында жұлдыз» жақтық.
Туған жер шарлап талай сырын таптың,
Мәуесін жырлай жүріп шырын бақтың.
Арманы ғасыл болған асыл ұстаз
«Қоңырауын кең даланда» сылдыраттың.
Жүректе құттықтаған жалын басым,
Келіп тұр үлкен-кіші дарындасың.
Зер шапан иығыңа ата жолы
Деп жабады ақын апа-қарындасың.
ақын иық шапан Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter