Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.09.2021
142
Суық сұрға
Өмірдің көріп бақты-ау қиянатын
Күшті жоқ қиянатты тыя алатын
Деп жүріп, иреңдеген суық сұрды
Келіппін маңайыма ұялатып.
Таныдым шұбалып кеп шаққан күні,
Ыстық қан жүрегімнен акқан күні.
«Оңдылар» одақтасып жаназамды
Шығарып жерлемек боп жатқан күні.
Бәрібір аққа күйе жаға алмады.
Қияр жан қиянатқа таба алмады.
Өзді-өзін әшкерелеп одақтастар
Шығуды қара майдан амалдады.
Оларға бастық болған екі еркек
Алдымда етеді екен өтірік көлкек.
Суық сүр ұясының ұятты оты
Өздерін азар қалды кетпей өртеп.
суық сұр Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter