Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.09.2021
125
Қалпаққа
Ербиіп, делдиіп тұрасың,
Әйтеуір жүрген соң баста.
Неменең бар айтсаң расын,
Бойында соныңнан басқа?
Ыстықта емессің көлеңке,
Жел керсең қаңбақша ұшасың.
Күз түсіп, қуарса көк ерте,
Аяздан бұрын сен қысасың.
Барламай бойыңды не қылса,
Шаршайсың бос әуре болып құр.
Қалпаққа ғашықтар табылса,
Дүкенде ол «құрымағыр» толып тұр.
1966 жыл.
Қалпақ Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter