Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.09.2021
112
Біреу
Көтеріліп, қомақтанып,
Қоқиланып келесің
Жақсылардың жақсысы деп
Тек өзіңді көресің.
Судыр сөзге шешен-ақсың,
Дәйім әзір кеңесің.
Қас жүйріктер сайыс құрса,
Көрінбейді елесің.
Түймедейін өзге жұрттың
Түйедей ғып тересің.
Осымен-ақ сен өзіңнің
Жайынды айтып бересің.
1961 жыл.
біреу Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter