Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.09.2021
156
Торықпа, бауыр!
«Жұлдыз» журналының 2002 жылғы № 9 санынан Серікжан Қажиев деген ақынның «Өмір-тұлпар, жармасамын жалына» топтамасын оқығаннан соң туған жалдар.
Автор
Ақын екенсің төгіліп тұрған
Ар-намысқа көп көңілін бұрған.
Арман-мұңыңды жырға ақтарып,
Заманмен мынау жекпе-жек құрған.
Кездесе берген бейшара тірлік
Үгітпесінші ақынды күл ғып.
«Абыз» қарттар да, төре «бауырлар»
Өткінші дүние өтетін сырғып.
Бай менен кедей — қарама-қайшылық,
Қоғам көрген жоқ одан аршылып.
Мансаптыларды айт арын таптаған
Қолдың кірінің соңында сарсылып.
Торықпа, бауыр, көтер көңілді,
Іздеме әсте оңай, жеңілді.
Қуаныш-кейіс егіз өрілген
Өзі ұсынған Алла өмірді
Ақыл деп ұқпа ұшқары ойлап,
Ірітпе таза көңілімді қаймақ.
Дегендей «бақан жаққан баста бар»
Білдірдім ойды тереңге бойлап.
05.10.2002 жыл.
бауыр торығу Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter