Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.09.2021
198
Қиындықты уақытша деп санайды
Қиындықты уақытша деп санайды,
Бар менен жоқ қоғамы қайда тарайды.
Әйтеуір ол еңбек етеді біреуге,
Жұмыс берген шекесінен қарайды.
Құқығы жоқ оның баста әуелгі,
Бәрібір ол қожайынға тәуелді.
Парасаты тең тұрған сол азамат,
Өзіндей, тек қалталы оған дәу енді.
Бір ұрпақ, жүздеген ұлт неше миллион
Жасаған қолыменен кеше дүниең
Ғұмыры, өткергені түгел мансұқ,
Патшалар ісі үшін неге күйем?
Таңдантады еткенді ылғи жаман деген,
Қосақтау «измдерді» адамменен,
Бөліп ап ақ-қарасын дәл айтпас па,
Патша ісін шатастырмай заманменен.
қиындық уақыт Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter