Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.09.2021
156

Көрмегенді көрдік, пай көрмегенді
Көрмегенді көрдік, пай көрмегенді,
Ер намысын езге ұқсап жерлегенді.
Қиындықты қоғамға өзі қосып,
Қылмыспенен күресіп ерлегенді.
Көрдік бұрын ойға әсте келмегенді,
Өлімдейін ұяттан өлмегенді.
Өнер, білім, ғылымды қуған жастар
Саудагерлікті үйреніп зерделенді.
көру намыс Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇