Жалпыұлттық аза тұту күні
Қадірлі ағайын!
⠀
Әлемді жаулаған аты жаман дерт өкінішке қарай біздің де отандас-бауырларымызға ауыз салып үлгерді. Әр әулет, әр отбасы ауыр жағдайды бастан кешіп жатыр.
⠀
Ауыл-аймақтан, жерлестерімнен, дос-жараннан келіп түсіп жатқан арыз-өтініште есеп жоқ. Қиын бір сынақ боп тұр.
Жұрттың жылу жинап, бірін-бірі қолдап жатқанын да көріп отырмыз. Дәл осы жанашырлық - біздің халқымыздың ең қадірлі қасиеті.
⠀
Қаншама азаматтар ештеңеге қарамай ерікті түрде көмек қылып жатыр. Әсіресе, медицина мамандарына үлкен алғыс-ілтипатымды білдіремін. Шын мәнінде майданның алғы шебінде жүрген олар - осы замананың нағыз батырлары!
⠀
Таусыншақ күні жеткен талай жан өмірден өтті. Талай асыл азаматты жер қойнына тапсырдық.
⠀
Отандастарымыздың отбасына, туған-туыстарына көңіл айтамын. Қазаның арты қайырлы болсын.
⠀
Қауіптің бұлты сейілсінші. Көк туымыз тұғырынан түспесінші. Ел аман, жұрт тыныш болсыншы! Алла жар болсын бізге!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter