Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
28.09.2021
167
Есінде болса деп ем ұрпақтардың
Ешкімнің ой түбіне жетпегенін,
Табағын тартпай тағдыр өтпегенін
Білсем де, шым батамын иірімге
Күн сөніп, құлардай-ақ кек дегенің.
Тірлікте түйінім көп шеше алмаған,
Құлаштап дария өмірді кеше алмаған
Кең тұсау, ұзын арқау болмай менде...
Өрісім толғандырады өсе алмаған.
Қорықпаймын бақиға мен барам-ау деп,
Жайнаған жарық дүние қалады-ау деп.
Тағдырға ризамын, тек, ойланам
Бір күні ұмыт болып қалам-ау деп.
Бәрінде азды-көпті жинақтардың
Оқушым, өзіңе аз-кем сыр актардым.
Балаған ұрпағыма ән мен жырым,
Есінде болса деп ем ұрпақтардың!
ұрпақ ес Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter