Өлеңдер ✍️

  28.09.2021
  2819


Автор: Жібек Ысқақова

13-ЖАС ЖИЕНГЕ туған күнге тілек

Жиен келсе төрден орын береміз,
Жиен десе қолдағыны береміз.
Жиен келіп өтінішін жасаса,
Ләмим демей соңдарынан ереміз.

Құтты болсын жиенжан мүшел жасың,
Бүгін міне он үшке толған күнің.
Өміріңде қуаныш тарқамасын,
Көңіліңді тербелеп ән мен жырың.

Жаңа өмірге жиенжан бастың қадам,
Қалдырып сен еркелік, балалықты.
Биіктей бер өрлей бер жиен алға,
Мақсат етіп даналық, даралықты.

Жібек Искакова



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу