Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.09.2021
160

Махаббат деген адамдық мейір
Махаббат деген адамдық мейір,
Көңіл қошына беретін пейіл,
Тек тауқыметін түрліше көтеріп,
Біреулер жылап, біреулер кейір.
Махаббат деген достық араны,
Жалғастыратын билеп сананы.
Қызуын ыстық көтере алмай,
Қайсыбір осал жолда қалады.
Махаббат деген биік тым, заңғар.
Санаулы ғана биігін андар.
Ойы кеткенмен, өресі жетпейтін,
Сенделме сумен бар небір жандар.
махаббат адамдық Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇