Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.09.2021
189
Наз айтасың ақтарылып
Наз айтасың ақтарылып,
Дұшпан күліп, дос тыңдайды.
Ой туындап, жүрек баурап,
Көктей қаулап еш тынбайды.
Әділеттен күдер үзген
Үміт өзекті осқылайды,
Ақырында жаныңды езген,
Шер үстіне қостың қайғы.
наз дұшпан дос Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter