Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.09.2021
209

Ленинград
Сенде туып өспесем де,
Етпесем де сені тұрақ
Кең даламдай жатқан жырақ,
Сүйіктісің, Ленинград!
Октябрьдің бесігі деп,
Ән төгілтіп, өлең құрап,
Жүрегімнен мәңгі тұрақ
Бергенім хақ, Ленинград!
Аврораның гүрсілінен
Оянғалы өлкем жырақ,
Қауыштық та ниет құрап,
Бауырластық, Ленинград!
Елім өсті жерім гүлдеп,
Шұғылаңнан сенің нұр ап.
Сусындадым білім — бұлақ
Болдың маған, Ленинград!
Aт сауырын ұсындың сан
Соңыңа ердім үлгің ұнап.
Ленин жаққан сөнбес шырақ,
Сен алдымда, Ленинград!
Жамбыл жыры жігер шындап,
Көзін тікті әлем сынап
Гранит боп қалдың шыдап,
Мызғымадың, Ленинград!
Сен ақиқат күрескері,
Шежіресің көне құлақ.
Келер саған талай ұрпақ,
Білер мәнін сенен сұрап
Ленинград, Ленинград!
Ленинград Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇