Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.09.2021
135
Бір ауыз сөз кеудеме құйынды алып
Бір ауыз сөз кеудеме құйынды алып
Кіргізгендей жанымды үйірді анық.
Соқыр, саңырау,
мылқау боп жүрсең-дағы
Өмір сүру барады қиындалып.
Ал осы сөз дейсің ғой шықты қайдан
Атын естіп айтқанның қалдым қайран.
Ел тағдырын ойлайды деген сабаз
«Анау» ма еді ысқырып өсек жайған.
Пасықтармен маңайын қоршап, орап
«...Изм» — тіркеп өз халқын жауша тонап.
Қулық-сұмдық,
айла-амал,
өтірік-өсек
Жатады екен маңынан қарша борап.
Өтіп жатыр не амал құйғып күнің
Қас-қабағын баққанша биліктінің
Қаза жеткен көп артық шығар, достар,
Күйкілікпен өткенше бүйтіп күнің.
сөз өмір Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter