Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.09.2021
140
Елігім
Ақшамда туған айдай ақ түсің,
Жаңа аяқтанған құлындай мүсін...
Әлде сен, қалқам, ару бейнеде
Аспаннан түскен періштемісің?
Құралай көзді үркек елігім,
Жаның кіршіксіз пәк-ау сенімің.
Һаллдай бейқам, аярсыз аңқауым,
Көрім көркіңді, басты мені мұң.
Осынау ғажап сымбатың, пішін,
Тамсантып кептің күйдірген ішін.
Өзге емес дүние-ай. өзіңнің тіпті
Болады-ау жақсы көрген бір түсің
Өмірге солай келгенің үшін,
Көп көзге ләззат бергенің үшін.
Өкінішке орай, бұл уақыт сенен
Өзгертіп бәрін алады-ау өшін.
Толып бір тасып төгілмес көңіл
Жоқ әсте, бастан ететін небір
Жақсы-жаманның қарымы болад,
Есесін алмай өтпейді өмір.
ЕЛІК өмір Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter