Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.09.2021
310
Аналар
Тыныштық...
Көзді аштым...
Жап-жарық күн...
Тереңге тыныс алдым...
Таң қалып тым...
Алдымда - ақ халатты абзал жан тұр,
Ал сосын, ақ жүздерді аңғарыппын...
Жыладым...
Жайлы, жұмсақ қолға түстім...
Сездім мен, жақын жанды болған ысты-ық...
Толғаныс...
Мен қарадым... Сүйініп бір...
Тапқандай, мәңгілікке қорғанышты..
Саусағы - сипайды да, дірілдейді...
Құшақтап...
И-іс-кей-ді, күлімдейді,
Ол маған, ұзақ қарап, тыныштықта:
Сыбырлап, таныс тілмен "күнім" дейді..
Күлкісі, бір өзіне жарасымды,
Таныдым!
Бір өзіме жанашырды.
Мен келген бұл әлемнің - ПЕРІШТЕСІ,
Та-ны-дым!!!
АНАШЫМДЫ,
А-НА-ШЫМ-ДЫ...
Автор: Бек Жылқыбаев
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter