Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.09.2021
195
Бас киімнен таныған
Қырғыз туыс кисе киіз ақ қалпақ,
Қарақалпақ киеді екен қарасын.
Бәт құндыздан қарасын да, ағын да
Қазақ кисе, табады екен жарасым.
Түрікпенде сеңсең бөрік, өзбекте
Зер тақия,
Жазбай танып аласың.
Әр қайсысын көрсең егер жалаңбас,
Қайсысы кім, айыра алмай қаласың.
Бір ұядан тарағанын бұлардың
Әлем біледі,
естімедім таласын...
Өсіп-өніп жарты ғалам жайлаған
Тауып, танып алуға әр баласын
Ұлы баба дара-дара бас киім
Кигізген-ау...
қалай бұдан танасың!
Қалпақ түрін ойлап тауып ғаламат,
Туыстықты еткен мәңгі аманат.
Бабалардың ұрпақ қамын ойлаған
Рухына бас иейік жамағат!
Бас киім туыстық Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter