Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.09.2021
174

Қысқы түн
Қысқы түн.
Манаурап маң тыным алып,
Ай нұрын төгіп, аймақ сағымданып,
Күн түскен тұнық айна сынығыңдай
Күміс қар қаратпайды көзді қарып.
Алыстан жымыңдайды жұлдыз біткен.
Тұтасып қарлы дала көк жиекпен.
Көз түспес әншейінде әлсіз ноқат,
Ап-айқын көрінеді ақ күртіктен.
Арудың ауылдағы жан толқынын
Жеткізіп жылқышыға төгетұғын.
Арқаның «қабақ шытпас» аталатын,
Кім сүймес май тоңғысыз майда түнін.
қыс Түн Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter