Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.09.2021
154
Сый домбыра
Елімнің арқалаған мол мұрасын
Қос ішек, тоғыз перне домбырасын,
Қоңыр үн, күмбір күйге ілестіріп,
Көңілді көшіріп бір қондырасың.
Япыр-ау, құдірет-күш тұр еді нендей,
Жанымды жалындап кеп нұр өбкендей.
Қадаған сені әкеліп өңіріме
Сәби қол көкірегіме күй еккендей.
Сол жерде мен төгіліп күй боп кеттім,
Толқынды жүрегімде күй көктеттім,
Аспанда аққу әнді қалықтатып,
Нөсерін нәзік жырдың түйдектеттім.
Мен үшін «жол да – сын ғой, тон да – сын ғой»,
Қәдірің танылмаса ол да сын ғой...
Етейін сені серік ендігәрі
Маңыма жоламасын қорғасын ой.
сый Домбыра Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter