Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.09.2021
202

Мұхтар ағаға
Секілденді босқа сөз
Жеткізбестей ойымды.
Көрсетіп қалғым келген жоқ,
Болмаса бүгін бойымды.
Өлеңнің үстем мерейі,
«Патшасы сөздің» дегеннен,
Мақұл көрдім, жақсы аға,
Құттықтауды өлеңмен.
Сезінемін анадай
Тәй-тәйлаған баланы
Ниетімді нәзік жыр
Жеткізе алса жарады.
Мақтанышын елінің
Қалайша жүрек жыр етпес!
Асыл аға, жүз жаса,
Біздер соған тілектес
Жеткізбестей ойымды.
Көрсетіп қалғым келген жоқ,
Болмаса бүгін бойымды.
Өлеңнің үстем мерейі,
«Патшасы сөздің» дегеннен,
Мақұл көрдім, жақсы аға,
Құттықтауды өлеңмен.
Сезінемін анадай
Тәй-тәйлаған баланы
Ниетімді нәзік жыр
Жеткізе алса жарады.
Мақтанышын елінің
Қалайша жүрек жыр етпес!
Асыл аға, жүз жаса,
Біздер соған тілектес
Мұхтар аға аға Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter