Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.09.2021
213

Сегізінші март!
Сегізінші март!
Март айының сегізі –
Біздер үшін жылы лебіз теңізі.
Саралатып, салмақтатып сан қырын,
Ойлантады теңіз сөздер негізі.
Әйелдерге бұл күн өлең арналып,
Аталамыз «мықты қауым, нар халық».
Шыққан биік, білім, ақыл-парасат
Көгенделіп, тізіледі баршалық.
Бұл күн әркім жан-жүрегін ақтарып,
Жүзін мөлдір шық жууға шақ қалып...
Шоқ жұлдыз боп аспанында Шығыстың
Мәртебеміз биіктейді мақталып.
Бұл күн бізге шоқ-шоқ гүлдер сыйлайды,
Барлық асыл сөзді теріп жинайды.
Бар биікті бізге беріп бұл күні,
Ертеңінде төмпешікті қимайды.
8 наурыз аналар күні Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter