Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.09.2021
125
Көлеңке дейміз
Көлеңке дейміз,
Мәнісін барлап қаралық,
Ақтарар болсақ,
Кетеді талдай таралып.
Күн түскен затқа
Көлеңке түспей қалмайды,
Қайсысы болсын
Мәңгіге бірақ бармайды.
Көңілге шуақ
Түссе ғарышқа самғайды,
Көлеңке түссе,
Ой түнек болып қармайды.
Осындай сәтте
Жақсы әрекеттен қалмайды,
Жасықтың жаны
Үрлесең-дағы жанбайды.
көлеңке Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter