Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.09.2021
177
![](/uploads/shorttexts/author_image/04841014466890f3b14c37ec766b4285.jpg)
Жаңғырық
Атақтыға табындырып, таң қылып,
Саз мінезді сипаты деп паңдылық,
Лауазымды асқардағы нән қылып,
Ала тайдай әр соқпақты шаң қылып,
Қарғаның да дауысына қаңқ етер
О, тағдырым, етпе мені жаңғырық.
Аз сәулені ататұғын таң қылып,
Сықсиғанды маздап тұрған шам қылып,
Құр айғайды аспандаған ән қылып,
Әсемпазды әсірелеп сән қылып,
Қаңғыры бар, қалқасы жоқ жартастай
О, тағдырым, етпе мені жаңғырық.
Жаңғырық Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter