Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.09.2021
149
Құйын
Қасақана, кегі бардай өшігіп,
Ұйтқып соғып, қадамдарын өсіріп,
Жайбарақат шуақ сәтте тап болды
Жынды құйын үйіріліп есіріп.
Құмды иіріп, шаңды аспанға атты да,
Күлді үйіріп, топан теуіп қапты да.
Иілдіре, үзілдіре гүл белін,
Борандата кезді барып бақты да.
Күшке бағып құйын да тез тынбады
Нәзікпін деп гүл де мойынсұнбады:
«Тән әлсізін, жаны әлсізге санама»
Дегендей гүл майысса да сынбады.
Сағым сынды сәтінде жүз құбылған
Құйындар кеп бұл күндері шұбырған
Осы гүлдей құлпырарсың, жанарсың
Болсаң аулақ, құйын мінез құбылдан.
Құйын Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter