Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.09.2021
163
Есіңді қашан жиясың
Сүзіліп көзі,
Күрмеліп сөзі,
Толқиды елтіп, теңселіп,
Жойылып буы,
Жайылып уы,
Билепті бойын еңсеріп,
Көрдіңіз бе ұсқынын,
Жабулы тайлақ сұстының.
Тантырап тасып,
Тәлтірек басып...
Алға аттап, кейін жығылып,
Теректі сүзіп,
«Тұмсығын бұзып
Қойды» деп оны ұғынып,
Төбелесті терекпен
Жетесіз сорлы желөкпең.
Құлқынын тыймай
Арақты қимай.
Беріліп соған риясыз...
Азайып досы,
Тігілмей қосы...
Ағарды шашы ұясыз.
Құлқынды қашан тыясың?
Есіңді қашан жиясың?
ес ес жию Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter