Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.09.2021
326
Үнді қызына
Кеп толғанып, кеш оянған сезімдей,
Достығымыз сарқылмас кен көзіндей.
Барар жолың бір табысар, бауыр ел,
Сүйем сенің өнеріңді өзіндей.
Жақсы достай жылдар жүріп ұғысқан,
Ойымыз бір тілегіміз туысқан.
Бір арнаға жырларымыз қосылсын,
Ганга қызы, шырқа әнді, Шығыстан!
Үнді қыз Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter