Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.09.2021
147
Жайлауда
Тау қойнауы.
Мөлдір бұлақ.
Жағасында малшы ауылы.
Іргесінде кіл арғымақ,
Төңкерілген жон, сауыры.
Тотияйын – көкше құрақ,
Көк шалғында мұрын жарған.
Ізі сонар болат тұяқ
Тай, құлынның асыр салған.
Келе ауылға шашырады
Сәйгүліктер төгілме жал.
Жұмыр жонын жасырады
Жасыл шілік көк бұйра тал.
Түн күзеттен қайтты жігіт,
Ақ сойылын қарына іліп,
Жолына көз жүрген тігіп,
Түсірді аттан жары күліп.
Екі иіннен демін алған
Ақ самауыр басты күйге
Бейбіт өмір берекесін
Төккен сынды осы үйге.
жайлау Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter