Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.09.2021
130
Керемет
Керемет дейміз
табынып тұрып өнерге,
Сол кереметтер
адамға өзі келер ме!
Кереметтерімен
таң қылған сені бұл өмір,
Рахат бір сәтін
оңайлықпенен берер ме!
Керемет дейміз
сыйғызбай мақтап жер-көкке,
Сол кереметтер
келіп пе өзі жөргөкте!
Өзі келмейді,
ешкім бермейді, бауырым,
Таңдай қаққызар
бүкіл керемет еңбекте.
керемет Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter