Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.09.2021
192

Осындаймын
Жыр жазсам, жүрегіңді суырамын,
Жазғырсам, қуырдақ қып қуырамын.
Ән төксем, әкетемін ағынымда,
Толқыным көбігі қып жуынамын.
Назымнан тірі пенде құтылмайды,
Құтылмағанымен ол ұтылмайды.
Сылдыр болсын, ол мейлі сылбыр болсын,
Жібі түзу боп шығады ып-ыңғайлы.
Кейде мен досыма да тосындаймын,
Бір көрген жанның кейде досындаймын.
Қорықпасаң ашық келіп ақтарылшы,
Мен міне, алдындамын, осындаймын.
жыр ән Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter