Әңгімелер ✍️
Украина латын әліпбиіне көшуді қолдайды
Украинаның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексей Данилов Украинада латын әліпбиіне көшу идеясын қолдайды. Бұл туралы ол 11 қыркүйекте жарияланған «Свобода» радиосына берген сұхбатында айтты.
«Мен қолдаймын. Бұл іргелі істердің бірі болады деп ойлаймын, кириллицадан арылып, латын әліпбиіне көшу керек», - деді ол. Данилов сонымен қатар Украинада ағылшын тілін үйрену міндетті болуы керек деп есептейді.
«Тілге келетін болсақ, сіз менің ұстанымымды білесіз. Мен біздің елде (Украинада) екі тілді қолдаймын. Ағылшын тілі міндетті болып табылады. Өйткені, егер біз өркениетті әлем туралы айтатын болсақ, ағылшын тілі - өркениетті қарым - қатынас тілі. Әркім ағылшын тілін білуі керек екенін түсінуіміз керек. Қартайғандарға қиын, бұл бір нәрсе, бірақ балабақшадан бастап мектептерде болуы керек», - деді Данилов.
2018 жылдың наурызында Украинаның сол кездегі Сыртқы істер министрі Павел Климкин украиндықтарды кириллицамен бірге латын әліпбиін елге енгізу мүмкіндігін талқылауға шақырды.
Еске сала кетейік, Қазақстанда орта мектептер 2023 жылдан бастап 12 жылдық оқумен және латын әліпбиін енгізумен жаңа бағдарламаға кезең-кезеңімен ауыса бастайды, деп мәлімдеді елдің білім министрі Асхат Аймағамбетов.
Математикаға, тілдерге және информатикаға ерекше назар аударатын мектептер үшін жалпыға міндетті білім беру стандарттары мен типтік бағдарламалары жаңартылатын болады. Мектептер үшін бірыңғай тарих оқулықтары да дайындалады.
Бұл – Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылы қол қойылған, 2025 жылға дейін қазақ әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру туралы жарлығының орындалуы. 2020 жылдың жазында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев латын әліпбиіне көшу емле реформасымен біртіндеп және бір уақытта жүзеге асады деп сендірді.
Латын әліпбиіне кириллицадан көшудің сегіз факторы:
- Жазу практикасындағы кемшіліктерді түзету, ұлттық тілдің ерекшеліктерін сақтау.
- Бір уақытта екі тілдің емлесіне қызмет ете отырып, қажет емес әріптермен жасанды түрде қиындатылған алфавитті (кириллица) түбегейлі реформалап, қазақ тілінің дыбыстық жүйесін дәл көрсететін және жаңа жазу жүйесін дамыта отырып.
- Дүниежүзілік ақпараттық кеңістікке қазақ тілінің қатысу үлесі мен бәсекеге қабілеттілігін күшейту.
- Тоталитаризм жолынан қазақ әрпін босатып, ұлттық сананы ояту.
- «Кирилл әріпінде шетелдік сөздер өзгермеуі керек» деген стереотиптен ада болу.
- Түркітілдес әлеммен одан әрі консолидациялау үшін.
- Кіші мектеп оқушыларының 42 әріптен тұратын қазақ кириллица алфавитті қабылдауының ауырлығын ескеру.
- Компьютерлік технологияның талаптарына сәйкес келетін әмбебап алфавитке ауысу.
«Бұл, ең алдымен, Ресей мен Қазақстан арасындағы қашықтықты көрсету, осылайша Қазақстан өсіп жатқан жаһандық турбуленттілік кезінде Ресейдің жақын одақтасы ретінде қабылданбауы керек. Бұл әлемдік қоғамдастыққа нақты хабарлама: иә, біз Ресеймен көршіміз, бірақ біз одақтас емеспіз, біз Ресей саясатын қолдамаймыз», – осындай пікірді айтты ресейлік сарапшы Грозин.
Біздің ойымызша, Қазақстан кириллицадан латынға көшу арқылы «орыс әлемі», «Ресей», «ресейлік геосаяси құндылықтар» деп қысқаша сипаттауға болатын барлық нәрселерден алшақтағысы келеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter