10.09.2021
  197


Жемелек

Шашқа тағылатын бұйымның тағы бір түрі – жемелек. Аталған сөзге «өрілген бұрым ұшын бекітетін жіп, лента»,«шашбау, әйелдердің шашына тағатын бау» деген түсініктер берілген. Ертеде Маңғыстау қазақтары өз салттары бойынша әйелдердің шашына түйенің қара шудасын қосып өрген. Осылай өрілген шаштың атауы – жемелек (жебелек). «Жемелек» сөзін көбінесе Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары қолданады. Аталған сөзге тек диалект ретінде қарау теріс сияқты, байқағанымыздай, жоғарыдағы сөздердің үшеуі де өрілген бұрым тарқатылып кетпеу үшін шаштың ұшына байланатын, бекітілетін бұйым; айырмасы – шолпы, шашбауға алтын, күміс тиындар қадалатын болса, жемелек – ондай қымбат әшекейі жоқ қарапайым ғана жіп, бау. Түркімен тілінде желемек – шашқа тағылатын күміс әшекей. Өзбекстандағы қазақтардың тілінде желемек – өрілген шаштың ұшына тарқатылып кетпеу үшін жалғанатын жіптен ширатылған әшекейлі шашбау.


Бұрындары қалыңдықтың шашына тағатын түрлі тағымдардың түсі өмір мен байлықтың символы қызыл түске боялған.


... Сөйтсе, қос бұрымы біресе белінің бергі жағына аунайды, біресе арғы жағына ойнайды. Қымбат шолпы тағынбай, жіптен ескеншашбауы – жемелегі еркелеп Балбастаудың балағына оралар балдыр болып ойнайды (М.Байғұт. Жемелек).




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу