Өлеңдер ✍️

  04.09.2021
  243


Автор: Мұхамедияр Айым

Ақ жаңбыр

Бір тамшы судан жаралған
Ақ жаңбыр сенсің ақ арман
Қиянға шарлап шарықтап
Көңіл күй содан нәр алған
Бір тамшы судан жаралған
Бейне бір қиял сан арман
Мүмкін ол көздің жасыма
Үзіліп түскен жанардан
Бір тамшы судан жаралған
Ақ жаңбыр сенсің ақ арман
Сезімнің ыстық отына
Жүректі өртеп сан алуан
Ақ жаңбыр сенсің ақ арман
Бақытым болып жаралған
Су болып жерге сіңседе
Өшпесін оймен санамнан
Көктемнің сыйлап шаттығын
Ақ жаңбыр сұлу ақ гүлім
Махаббат отын лаулатар
Мүмкін ол менің бақ гүлім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу