Туындылар ✍️
Туындылар ✍️
31.08.2021
170
Ажырасу мен отбасылық жанжал
Ажырасу мен отбасылық жанжалдың негізінде ер мен әйелдің санасының түкпірінде тығылып жатқан мінсіз күйеудің немесе мінсіз әйелдің қияли образы жатыр. Бұл түсінікті өзгертіп, адам о баста кемшілікпен жаратылғанын әрі бақытты болғың келсе қабырғаның қисықтығына көнуің керектігін түсінбей, бақытты жанұя құрылмайды. Ал қазіргі көп ер мен әйелдің санасында белгілі актер мен әншінің, немесе инстаграмдағы үнемі Стамбул мен Дубайда жүретін біреулердің өміріне еліктеу басым. "Солар сияқты неге болмаймыз" деп санаға тыныштық бермейтін ойлар, ең әуелі өз күйеуі мен әйелінен қанағаттанбайтын жағдайды тудырады. Кейін сатылап ажырасудың инструменттері іске қосылады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter