Өлеңдер ✍️

  31.08.2021
  119


Автор: Медеу Демеу

Қолыңды ұсын

Бағым ба едің, әлде сен, сорымбысың.
Баққа барар баспалдақ, жолымбысың?
Бәлкім мені мазалап жүр шығарсың,
Сонда дағы, қалқам-ау, қолыңды ұсын.

Қолыңды ұсын, қалаймын соныңды шын.
Бір көтеріп секемшіл көңілді шын,
Жырлар жазсам сен жайлы, Отан жайлы.
Оның бәрі, қарағым –ау, сенің күшің.

Жігітпін ғой жолдастық жолын білер.
Сені сырттай қызғыштай қорып жүрер,
Өзгерсе өмір өзгерер бұл қалпынан.
Мен өзгермен, сондықтан, қолыңды бер.

Бақ пен байлық, думанға, артыққа асық,
Жігіт емен жүрген бір шалқып басып.
Қамшының сабындай-ақ ғұмыр ғой бұл,
Өтейікші өмірден қолтықтасып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу