Өлеңдер ✍️

  31.08.2021
  133


Автор: Медеу Демеу

Өзгенің керегі жоқ

Махаббатта бітіспес майдан бір шың,
Тілгілеген жанымды пайдаң құрысын.
Қасіретіңнен қан жұтып қамықсам сан,
Сенен басқа оны өзге қайдан білсін?!

Жанарыңнан көрмеймін қызғанұшқын,
Бөгеті ме, әлде бұл, бізге алыстың.
Сезесің бе, бұл күнде жүрегімде,
Иттері ұлып жатқанын қызғаныштың.

Сыртым бүтін болғанмен ішім масаң.
Көргенім жоқ өзіңнен мүсінді асар.
Күндіз жүрсең ойымда, ал түндерде,
Мазалайсың,жарқыным, түсімде сен.

Түсін, мейлі, сен мені түсінбегін,
Қазандай бір қайнайды ішімде мұң.
Сені қайдам, әйтеуір мен өзіңе,
Ешқашанда көлеңке түсірмедім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу