Аңыздар ✍️
Шора батыр (І нұсқа)
Тама Нәрік байдың бәйбішесінің аты — Гүлқаныс, Шора батырдың шешесі. Нәрік байға Қыдырдың алты қой баққан ақсақал шал болып сөйлескені:
— Қаратаудың қарсысында бір үлкен бәйтерек бар. Сол бәйтеректің жанында бір түп ақ шеңгел бар. Нақ сол ақ шеңгел — Бабай Түкті Шашты Әзіздің моласы. Соған түнесеңдер, Құдай перзент береді! — дейді.
Бұлар жалғыз тоқтысын сойып, әулиеге түнеген. Аш қалғанда, бір бидайық келіп бір топ аққу мен қазды қырып, Құдай бұларға қорек қылған. ...пар атынды хабарға жіберді. Қырық қашырға асыл қазына артып, бір қаршыға тілләні артып, ортасына бір қап, оған ат басындай алтын салып, мұны құндаса, ... алдына тастатқан. «оған айналмай, маған келсе, әуелі өзіне ысқырып атса, киікке обал жоқ деген», — деп.
Қараханның әкесі Темір ханды Әліби у беріп өлтірген екен. Тасыр мерген — Әлібидің інісі.
Кәріпбай, Нәрік бай, Есім би үш ағайынды екен. Анасбай той қылып, ел шақырғанда, шұбар дөненді Тасан мырза сұраған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter