31.08.2021
  170


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Шоңның үйінде

Төлебай халық арасында белгілі, қадірлі, қапелімде сөз тапқыш, тілді адам болған. Төкең Ертіске, ағайындары Қазанғаптың Исасына барып, көшетін болып келіпті. Бірақ бұл жақта алпыс үй бәсентиін үйренген елін, жерін қимай, көшпей қалады. Содан кейін Төкең Шоңның үйіне барса, ол билермен бірге отыр екен. Самырат, Әлкен, Қаспақ, Шоқақ тағы басқалары Төкеңді кекесіндеп:


— Қашан көшесің? — депті.


Сонда Шоң:


— Төлебай, мыналар не дейді? — депті. Сонда ол:


— Ей, Шоң,


Арамзаның көзі күледі,
Басшысы жаман болса,
Елі бүлінеді.
Ұлығыңнан әділдік кетсе,
Артындағысы иттей ұлып, күшіктей үреді деген осы да, — депті.


Отырған билер үндемей қалыпты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу