31.08.2021
  480


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Шаңдатқанның әкесін құйрық жұлынғанда көресің

Екі аңшы бір күні аңға шыққан жолдарында бір қасқырдың ініне жолығып қалыпты. Сонымен, бірі қаруды қасындағыға беріп:



— Егер, қасқыр келіп қалса, аңдып тұрып ат, мен ішіне кіріп күшігі бар болса, алып шығайын, — деп інге кіріп кетіпті.


Қару алып інінің аузын аңдып қалған аңшы аңқаулау болса керек, жетіп келген қасқырды аңғармай қалып сасқалақтағанда, мылтықты жіберіп інге ұмтылған қасқырдың құйрығынан сап беріп ұстай алыпты. Қасқыр тыпырлап ін аузының шаңын аспанға көтеріпті, сонда ін ішіндегі әлгі аңшы:


— Ей, оңбаған, шаңдатпасаңшы, — деп дауыстапты. Қасқырды құйрықтан алып тұрған жігіт те асыға жауап беріп:


— Шаңдатқанның әкесін құйрық жұлынғанда көресің, — депті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу