Әңгімелер ✍️
Әңгімелер ✍️
31.08.2021
162
Шам ұстаған соқыр
Үлкен күре жолда түн ішінде бір соқыр адам қолына шам ұстап келе жатады. Оның бір қолында шам, бір қолында шелегі бар екен. Мұны көрген біреу айғайлап:
— Сен сияқты соқырға шамның керегі не? — депті. Соқыр оған:
— Шамды өзім үшін емес, сендер үшін ұстап келемін, қараңғы түнде көрмей қалып шелегімді қиратып жүрмеңдер, — деп жауап беріпті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter