Әңгімелер ✍️
Әңгімелер ✍️
31.08.2021
179
Үлкен қиындықпен
Біреу жеміс бағын дұрыс бағаға сатқалы жатыр екен. Бірнеше адам саудаласып жатыр. Олардың біреуі белгіленген бағадан арзан алуға тырысады. Ол Қожаны алыстан көріпті де, делдал бол деп жабыса кетеді. Қожанасыр келісімін беріп, екеуі бақтың иесіне барады. Қайтып оралған соң:
— Осы бағаға көндіремін деп, әй, бір азапқа түстім-ау, — дейді Қожа.
Әлгі кісі бұған алғысын жаудыра бастағанда, Қожекең оның сөзін бөліп:
— Сен менің сөзімді бөліп жібердің ғой. Мен сен үшін ғана емес, өзім үшін де тырыстым ғой, — дейді.
— Қалайша?
— Бақты мен сатып алдым, — депті сонда Қожанасыр.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter