Аңыздар ✍️

  30.08.2021
  132


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Тепеңкөк (ІІ нұсқа)

Астындағы жалғыз атынан басқа маңдайында әке де, шеше де, бауыр да, туыс та, мал-мүлік те жоқ бір кедей жігіт бір ұлан-асыр тойда тепеңкөк жүйрігін бәйгеге қосады. Бәйгеден келер аттардың жолын тосып, ол дөң басына шығып отырады да, домбырасын шерте жөнеледі: «Терлігінен тер кешпеген Тепеңкөгім, алыс жолдан алқынбай жет мәреге. Ешкімім жоқ шабысыңды қостайтұғын қиқулап, дем беретін демің біткен сәтінде. Тек өзіңде бар үмітім! Домбырамның үні жетсе құлағыңа, бәлкім ұшқыр қанат бітер тұяғыңа». Күй сарынын естіген Тепеңкөктің бойына тың күш құйылып, не байлардың саңлақ сәйгүліктерін шаң қаптырып, жарыста жалғыз қара боп келген екен дейді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу